Menu

Новости

Меморандум с Ассоциацией "iQamal"




Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының Аймақтық кеңесінің кезекті отырысында «Qaz Property» қауымдастығының төрағасы Қайрат Көкенов және «iQamal» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қауымдастығының президенті Гүльвира Әбетова коммерциялық жылжымайтын мүлік пен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы мәселелерді шешуде бір біріне қолдау көрсету ниеттері туралы меморандумға қол қойды.

Екі қауымдастық бірігіп жұмыс атқаруға ниеттенген ең өзекті мәселе -коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлікті басқару және күту саласында қолданыстағы ҚР заңнамаларына өзгерістер мен түзетулерді еңгізу үшін қажетті материалдарды дайындау болып табылады.

Осы бағытта «Qaz Property» қауымдастығы жылжымайтын мүлік саласында қызмет атқаратын барлық компаниялар мен бірлестіктерді ынтымақ құруға шақырады, өйткені дәл кәзір ашық әрі инвестиция жағынан тартымды жылжымайтын мүлік нарығын салу ісінің негізі қалануда.

Сонымен қатар аталған Меморандумда екі тарапқа қажетті оқу бағдарламаларын жүргізу, бірлесіп семинар, конференция, дөңгелек үстел мен брифингтерді ұйымдастыру жұмысы да қарастырылған.

«Qaz Property» қауымдастығы Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасына алғысын және аталған заңнамалық мәселе бойынша нәтижелі ортақ істің атқарылатынына сенімін білдіреді.

**************************************

Сегодня в рамках очередного заседания Регионального совета ПП г. Нур-Султан председатель Ассоциации «Qaz Property» Кайрат Кокенов и президент Ассоциации индивидуальных предпринимателей и юридических лиц "iQamal" Гульвира Абетова подписали Меморандум о намерении в содействии решений проблем в сфере управления коммерческой недвижимостью и многоквартирными жилыми домами.

Наиболее актуальным вопросом, в котором две Ассоциации планируют поддерживать друг друга, является совместная работа по подготовке материалов по изменению и/или дополнению действующего законодательства РК в сфере управления и обслуживания коммерческой, а также жилой недвижимостью.

В этом направлении Ассоциация «Qaz Property» приглашает к сотрудничеству в целом все компании и объединения, так или иначе задействованные в сфере недвижимости, т.к. сейчас закладывается основа фундаментальной работы по построению прозрачного и инвестиционно-привлекательного рынка коммерческой недвижимости.

Также данным Меморандумом предусмотрено проведение совместных программ обучения, организация семинаров, конференций, круглых столов, брифингов для обеих Сторон.

Вместе с этим Ассоциация «Qaz Property» выражает благодарность за поддержку и содействие Палату предпринимателей г. Нур-Султан и надеется на плодотворную совместную работу по вышеуказанным вопросам законодательства.